Меню KDT

Новости

Ең белсенді, креативті және әрқашан жаңа білімге ұмтылатындар.

Ең белсенді, креативті және әрқашан жаңа білімге ұмтылатындар.
2024 жылдың 17 мамырында "Привольное орта мектебі" КММ Жас педагогтар слеті өтті. Оған ауданның 65-тен астам жас мамандары қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты-жас педагогтардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
"Бұл кездесуде ең бастысы — тәжірибе алмасу және келесі оқу жылын жаңа күштер мен идеялармен бастау мүмкіндігі", - деп слетке келген педагогтар өз әсерлерімен бөлісті.
Мұнда жас педагогтар жаңа білім алып қана қоймай, бір-бірімен қарым-қатынас жасап, түрлі ойындарға, коучингтерге, тренингтерге және осыған байланысты коммуникацияларға қатысты; өз қоржындарын жаңа интерактивті әдістермен, жаңа ресурстармен және нәтижелі әдістемелермен толықтырды, оларды тек біздің мектептің ғана емес, сонымен қатар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның басқа да мектептерінің педагогтері өздерінің әдістемелерімен бөлісті.

Ұсынылған материалдардың өте көп жинағы мұғалімдердің жұмысында қолданылатын құралдардың алуан түрлілігін, кәсіби қалыптасу мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді. Жас мұғалімдерге шыдамдылық, жаңа идеялар, үлкен жеңістер, сарқылмас қуат пен оптимизм тілеймін! Тек қана алға, сіз табысқа жетесіз!

Просмотров: 269

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры-Мартин Ирина Михайловна

Опрос

Статистика

  • Осы айда68
  • Осы аптада16
  • Кеше9
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки